Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған халықаралық телебайланыс: «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлем қабілетсіздігін (банкроттығын) құқықтық реттеу»
«Бизнес және басқару» академиялық мектебінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы Жолдауына сәйкес Q-University-де студенттердің қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған халықаралық ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті
«Бизнес және басқару» академиялық мектебінің бастамасымен және «Қарызсыз қоғам» жобасы мен «Q» University» білім беру бағдарламалары негізінде қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны э.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.К. Бейсенбаева екінші курс студенттерімен бірлесе отырып өткізді. Телебайланыстың тақырыбы:
«Шаруашылық жүргізуші субъектілердің төлем қабілетсіздігін (банкроттығын) құқықтық реттеу»
Телебайланыс Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар жастардың әлеуметтенуі мен даралану процесі, цифрлық орта ерекшеліктері, кәсіби өзін-өзі анықтау, сондай-ақ бітімгершілік және қалпына келтіру технологияларын білім беру кеңістігіне енгізу мәселелерін талқылады.
Іс-шараның спикері — э.ғ.к., Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің экономикалық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару кафедрасының доценті Тургаева Аксана Әльбекқызы —
«Төлем қабілетсіздігі (банкроттық) институтының даму тарихы»
тақырыбында баяндама жасады.
Телебайланыс барысында студенттер банкроттық институтының даму кезеңдері, банкроттық саласындағы ұғымдар, банкроттық істерінде қолданылатын рәсімдер, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін құқықтық реттеу және банкроттықтың негізгі түрлері жөнінде сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Бұл іс-шара халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып, студенттердің қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ экономика мен басқару саласындағы кәсіби құзыреттерін нығайтуға өз үлесін қосты.
