Q University Logo
Бизнес және басқару

«Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік: цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы орнықты даму стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми форум.

«Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік: цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы орнықты даму стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми форум.

ByAdministrator12/24/2025

   2025 жылдың  17 желтоқсаны күні  Әл-Фараби  атындағы ҚазҰЗУ бастамасы бойынша Дубай қаласындағы (БАӘ) Murdoch University университетімен бірлесіп «Қазақстан мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік: цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы орнықты даму стратегиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми форум өткізді. Ғылыми  форумда Q University өкілі,  Бизнес және басқару академиялық мектебінен Шманова Нургул Сагынтаевна  «Цифрлық және жасыл экономикаға Инвестициялар: Қазақстан мен БАӘ тұрақты әріптестік стратегиялары» тақырыбында баяндама жасады. Халықаралық форум ҚР БАӘ-дегі Бас консулдығының қолдауымен өткізілді, халықаралық форум жұмысын   Хабар-24 телеарнасы арнайы түсірілім жасады.