Q University-де Халықаралық ғылыми конгресс сәтті аяқталды
Q University-де Халықаралық ғылыми конгресс сәтті аяқталды
Q University-де Халықаралық ғылыми конгресс сәтті аяқталды
Алматы қаласындағы Q University базасында 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері өткен
«Экономика және бизнес басқарудағы жасанды интеллект: тәуекелдер, тұрақтылық, трансформация» атты Халықаралық ғылыми конгресс өз жұмысын сәтті аяқтады.
Конгресс жасанды интеллектті экономика мен басқару саласында қолданудың өзекті мәселелерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, жоғары оқу орындарының өкілдері мен бизнес қауымдастығы қатысты.
Пленарлық және секциялық отырыстар барысында цифрлық трансформация, инновациялар, тұрақты даму және тәуекелдерді басқару мәселелері кеңінен қарастырылды. Барлық баяндамалар өзектілігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Конгрессті ұйымдастыруда ерекше үлес қосқан қосұйымдастырушы — Бейсенбаева Ажар Какимовна, жоғары кәсібилік танытып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.
Конгресс халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.
