Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Цифрлық шындықтағы халықтың көші-қоны: әлеуметтік-экономикалық әсерлер және бейімделудің құқықтық тетіктері»
2025 жылғы 6 қарашада Q University-де «Цифрлық шындықтағы халықтың көші-қоны: әлеуметтік-экономикалық әсерлер және бейімделудің құқықтық тетіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
Бұл конференция ғылыми диалог, тәжірибе алмасу, қазіргі қоғамды цифрландыру жағдайында халықтың көші-қонына қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін бірегей алаң болады. Біз цифрлық трансформациядан туындайтын негізгі қиындықтар мен мүмкіндіктерді, сондай-ақ оларды реттеу тетіктерін түсінуге бағытталған толыққанды пікірталас алаңын құруды мақсат етіп отырмыз. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№AP26103687 "Цифрлық көші-қон: әлеуметтік-экономикалық даму мен құқықтық интеграцияның жаңа көкжиектері" гранты).
Іс-шара аясында келесі тақырыптық секциялардың жұмысы жоспарлануда:
- Көші-қон процестерін цифрландыру: қазіргі қиындықтар мен мүмкіндіктер
- Цифрлық трансформация дәуіріндегі көші-қонның әлеуметтік-экономикалық аспектілері
- Цифрлық дәуірдегі көші-қонды реттеудегі институционалдық және құқықтық тәсілдер
- Мигранттардың мәдени бірегейлігі және цифрлық бейімделуі: мультикультурализмнің қиындықтары
- Ұлттық қауіпсіздік мәселелері және цифрлық көші-қон контекстіндегі халықаралық ынтымақтастық перспективалары.
Қатысуға зерттеушілер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ осы тақырып бойынша тереңдетілген және пәнаралық зерттеулерге қызығушылық танытатын түрлі сала мамандары шақырылады.
Конференцияға дейін ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда (кейіннен RSCI базасында орналастыру).
Конференцияның өтетін орны: Q университетінің бас ғимараты.
Тіркеу сағат 9:00-де, пленарлық отырыс сағат 10:00-де басталады.
Өтініштер 2025 жылдың 30 қазанына дейін https://forms.gle/U4AwwjEQ4cJ5PNFH9
онлайн пішінді пайдалана отырып ұсынылуы тиіс.
Ұйымдастырушылар сұрақтарыңызға жауап беруге және қосымша ақпарат беруге дайын.
Барлық сұрақтар мына электронды поштаға жіберіңіз: saltanat.yessetova@gmail.com
Байланыс телефоны: +7 705 184 06 17
Сізді конференциямыздың қатысушылары мен қонақтарының арасында қарсы алуды асыға күтеміз!
Сіздің қатысуыңыз осы өзекті тақырып бойынша ғылыми ойды ілгерілетуге құнды үлес болатынына сенімдіміз.
Құрметпен, конференцияны ұйымдастыру комитеті
