Q University Logo
Оқиғалар

«Цифрлық экономика және жасанды интеллект: қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудағы технологиялар мен басқару шешімдерінің синергиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 18 сәуірінде Q-University «Бизнес және басқару» Академиялық мектебінің 2024-25 оқу жылының жоспарына сәйкес ұйымдастырған «Цифрлық экономика және жасанды интеллект: қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудағы технологиялар мен басқару шешімдерінің синергиясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

ByAdministrator4/24/2025

Пікірталас алаңында Ресей, Өзбекстан және басқа да ТМД елдерінен ғалымдар мен докторанттар, аспиранттар қатысты.

Пленарлық отырыста

  • экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰА академигі, Азимхан Абылхаирович Сатыбалдин,
  • Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Гулямов Саидасрор Саидахмедович,
  • Ресейден Қазан мемлекеттік агротехникалық университетінен экономика ғылымдарының докторы,
  • профессор Клычова Гузалия Салиховна,
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті академиялық ғылым департаментінің директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Назарбек Ұлжалғас Бақытбекқызы,
  • Астана қаласындағы «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, бизнес-реттеу департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ақынбекова Динара Нұрғалиқызы,
  • «Ажур» тәуелсіз аудиторлық компаниясының директоры Джаманкараева Светлана Сатыбалдиевна және тағы басқа ғалымдар мен мамандар сөз сөйлеп, жасанды интеллект адамзат дамуына қатысты мәселелерге ерекше тоқталды.

Конференция жұмысы секциялар бойынша жалғасып, қортындыланды.