Құқық
ТМД елдерінің «Үздік студенті» халықаралық байқауы
ТМД елдерінің «Үздік студенті» халықаралық байқауы
ByAdministrator•4/6/2026
2-курс студенті, «Құқықтану (құқық қорғау қызметі)» білім беру бағдарламасының білім алушысы Жанұзақ Мирас ТМД мемлекеттерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауының қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған байқау «Bilim-Örkenieti» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті (Астана қ., 2026 жыл).
«Құқық» академиялық мектебі жеңімпазды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді!
