АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер мен оқушылар!
«Q» University» «Құқық» академиялық мектебі Алматы қаласы мен Алматы облысының орта мектеп, гимназия және лицейлерінің 11-сынып оқушыларын құқық бағыты бойынша пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада дарынды мектеп оқушыларын анықтауға және қолдауға, құқықтық ғылымдарға қызығушылықты арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған.
Өткізілетін орны: Олимпиада «Q» University»-де өтеді, мекен-жайы: Алматы қ., Байзақов көш. 125/185 (Әйтеке би бұрышы), 806-аудитория.
Өткізу форматы — офлайн/онлайн.
Қатысу шарттары:
· Қатысу тегін.
· Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары қатыса алады.
· Тілдер: қазақ, орыс.
· Қатысушыларды тіркеу 31.03.2026 ж. дейін электрондық поштаға: djein1968@mail.ru өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
Олимпиада бағдарламасы:
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
1. Шығармашылық кезең (онлайн)— эссе қорғау. Қатысушы төменде келтірілген тақырыптардың бірін таңдап, жұмысының мазмұнын ашып, сөз сөйлеуі керек. Эссенің бет саны 3 беттен аспауы керек. Эссені жазу (эссені 25.04.2026 ж. дейін жіберу керек).
2. Практикалық кезең (офлайн)— тесттік сұрақтарды шешу (04.05.2026 ж. университетте).
Эссе үшін үлгілі тақырыптар:
· Қоғамдық тәртіпті бұзуға жауапкершілік.
· Сыбайлас-жемқорлық: құқықтық және әлеуметтік аспектілер.
· Қазіргі әлемде адам құқықтарын қорғау.
· Буллингпен қалай күресуге болады (себептері, психологиялық талдау).
· Жастар арасындағы лудомания: жаңа ұрпақты қалай қорғауға болады?
Қорытынды жасау және марапаттау рәсімі.
Олимпиадалық тапсырмалар ұпайлық жүйе бойынша бағаланады: эссе — 70 ұпай, тест сұрақтары — 30 ұпай.
Олимпиада жеңімпазы ең көп ұпай жинаған қатысушы танылып, 1,2,3 орындар үшін дипломдармен марапатталады.
«Q» University»-ге түскен жағдайда жеңімпаздарға бірінші оқу жылы үшін келесі жеңілдіктер беріледі:
1-орын үшін — 100%
2-орын үшін — 50%
3-орын үшін — 30%
Екі немесе одан да көп қатысушының ұпайлары тең болған жағдайда, жеңімпаз тапсырманы аз уақыт ішінде орындаған қатысушы танылады.
Өткізілетін орны: Алматы қ., «Q» University,Байзақов көш., Әйтеке би бұрышы, 125/185.
Байланыс телефоны: 87479798183 — Шалабаева Жәніра Сұлтанғазықызы
djein1968@mail.ru
Танирбергенова Рабига Колекбаевна – 87479330213 rabiga.tanirbergenova@mail.ru
Ұйымдастырушылар «Құқық» академиялық мектебі
Олимпиада қатысушыларының арасында көргенімізге қуаныштымыз!
