Алматы қаласы әкімдігімен маңызды кездесу
03.12.2025жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүкенов А.Н. төрағалығымен жоғары оқу орындарының идеологиясын дамыту және олардың қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңес барысында:
🔹 жоғары оқу орындарындағы тәрбие және идеологиялық жұмыстардың тиімділігін арттыру;
🔹 білім беру ортасындағы ақпараттық қауіпсіздік;
🔹 жастардың азаматтық белсенділігі мен құндылықтық бағдарын қалыптастыру;
🔹 университеттердің қала дамуындағы рөлі мен өзара ынтымақтастығы сияқты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды ұсыныстар мен жаңа бастамаларды ортаға салуға мүмкіндік берді.
Біз жастардың рухани-адамгершілік дамуын, елдік идеологияның нығаюын және университеттердің стратегиялық дамуын қолдауға бағытталған бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз.