Q University Logo
Психология және журналистика

Ақ аю Пурганы туған күнімен құттықтау «Q» University» – ресми қамқоршысы атынан

Бүгін біз зообақтың ең сүйікті жануарларының бірі – керемет ақ аю Пурганың туған күнін ерекше қуанышпен атап өтеміз. ❄️🤍

ByAdministrator11/24/2025

Бүгін біз зообақтың ең сүйікті жануарларының бірі – керемет ақ аю Пурганың туған күнін ерекше қуанышпен атап өтеміз. ❄️🤍

«Q» University» Пурганың ресми қамқоршысы ретінде бұл мерекені зор жауапкершілікпен және үлкен мақтанышпен қарсы алады. Табиғатты қорғау мен жануарлардың әл-ауқатын қамтамасыз ету – біздің университеттің әлеуметтік миссиясының маңызды бөлігі.

Пурга – табиғаттың сұлулығы мен күші, тазалығы мен үйлесімінің символы. Оның сабырлы мінезі, мейірімді көзі және айбынды келбеті келген әрбір қонақты тәнті етеді.

Осы ерекше күні Пурга аюымызға мынадай тілектер айтамыз:
🐾 мықты денсаулық,
🐾 ұзақ та бақытты ғұмыр,
🐾 мамандардың қамқорлығы мен келушілердің жылы ықыласы,
🐾 қарлы ойындар, салқын бассейндер және сүйікті тағамдары.

Туған күніңмен, сүйікті Пурга! ❄️🎂🤍
Сенімен қамқоршы болу – біз үшін үлкен мәртебе.