Q University Logo
Бизнес және басқару

Q UNIVERSITY-ДЕ ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ

«Q» University-де 2026 жылы 17 қараша күні «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің доценті Керімбек Ғалымжан Есқараұлының ұйымдастыруымен «Экономикалық теория» пәні аясында «Мемлекеттік қазынашылық жүйесі: мемлекеттік қаржыны басқару және бюджеттің атқарылу тетіктері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

ByAdministrator11/19/2026

Дәрістің құрметті қонағы – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Қасымова Жұпар Сырымқызы.

Дәріс барысында мемлекеттік қазынашылық жүйесінің қызметі, мемлекеттік қаржыны басқару ерекшеліктері және бюджеттің атқарылу тетіктері туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Спикер мемлекеттік қаржы саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, білім алушыларға кәсіби қызметтің ерекшелігі туралы түсінік берді.

Кездесу барысында білім алушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қатысты өзін қызықтырған сұрағын қойды. Спикер қойылған сұраққа жан-жақты жауап беріп, теориялық білімді кәсіби тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік жасады.

Осындай кездесу білім алушының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибелік білімін тереңдетуге және болашақ маманның кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қонақ дәріске қатысып, құнды тәжірибесімен бөліскені үшін Қасымова Жұпар Сырымқызына алғыс білдіреміз!