Болашақ заңгерлерге арналған қонақ дәрісі: сталкинг пен адам ұрлауды ажырату
Болашақ заңгерлерге арналған қонақ дәрісі: сталкинг пен адам ұрлауды ажырату
6В042 «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Қудалау (сталкинг) — ҚР ҚК-нің 115-1-бабы және адам ұрлау — ҚР ҚК-нің 125-бабы: Қылмыстарды саралау, дәлелдеу және құрамдарын ажырату мәселелері» тақырыбында, жеке тұлғаға қарсы қылмыстарға арналған қонақ дәрісі өтті. Спикерлер ретінде Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әбдімомынов Ж.Б. және танымал құқық қорғаушы, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ жетекшісі Таукелева С.Ж. сөз сөйледі.
Кездесу барысында аталған қылмыстарды саралаудың проблемалық аспектілері, оларды ажырату критерийлері және дәлелдемелерді жинау ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше назар аударды, себебі ол көбінесе жанжалдың ауыр қылмыстарға ұласуына алғышарт болады: жанжалдан қылмысқа дейінгі жол, сталкингтің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі ретіндегі көрінісі, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау.
Құқық қорғаушының қатысуының арқасында дәріс ерекше маңызға ие болды, өйткені мәселе тек заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тұрғысынан қарастырылды. Студенттер қудалауға байланысты істерді тергеудің заманауи тәсілдерімен және адам ұрлау қылмыстары бойынша құқық қорғау органдары жұмысының ерекшеліктерімен танысып, қызметтегі полиция қызметкері мен қоғам қайраткерінен құнды тәжірибе алды.
