Q University Logo
Құқық

Ферғана мемлекеттік университетінде дәрістердің қонақ курсы

Ферғана мемлекеттік университетінде дәрістердің қонақ курсы

ByAdministrator2/10/2026

Ферғана мемлекеттік университетімен (Өзбекстан Республикасы) ынтымақтастық туралы шартты іске асыру шеңберінде заң ғылымдарының кандидаты, "Құқық" академиялық мектебінің қауымдастырылған доценті Н.С. Ибраев 02.02.2026 ж.- 06.02.2026 ж. аралыгында серіктес-университет студенттері үшін "Мемлекет және құқық теориясы" пәні бойынша бірқатар қонақ дәрістер өткізді.

Сапар бағдарламасы сонымен қатар университеттің басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен (ПОҚ) кездесуді қамтыды. Кездесуде Н.С. Ибраев әріптестерінің қызығушылығын тудырған «Q» University білім беру бағдарламаларын, әдістемелерін және инновациялық технологияларын егжей-тегжейлі таныстырды.

Сапардың негізгі мақсаты тәжірибе алмасу және ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Тараптар заманауи білім беру технологияларын енгізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мәселелерін қозғады. Бұл жұмыс ПОҚ-ның кәсіби өсуіне және екі университеттің де ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған.