Q University Logo
IT және қызметтер

«KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Оңтүстік» бойынша операциялық қамтамасыз ету және техникалық саясат жөніндегі директордың орынбасары Жұманов Азат Убайдуллаұлы қонақ дәрісі

2025 жылғы 5 қарашада «KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Оңтүстік» бойынша операциялық қамтамасыз ету және техникалық саясат жөніндегі директордың орынбасары Жұманов Азат Убайдуллаұлы «IT және қызметтер» академиялық мектебінің 1–2 курс студенттеріне арналған қонақ дәрісін өткізді.

ByAdministrator11/7/2025

Дәріс тақырыбы – «Мультимодальды контейнерлік тасымалдар: теміржол, теңіз және автокөлік синергиясы».

Іс-шараға «Ақпараттық-бағдарламалық жүйелер», «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттері, сондай-ақ академиялық мектептің жетекшісі мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Мұндай қонақ дәрістер студенттерге саладағы нақты тәжірибемен танысуға, теориялық білімді практикалық мысалдармен ұштастыруға және көлік-логистика саласында болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Жұманов Азат Убайдуллаұлы студенттерге мультимодальды тасымалдардың заманауи үрдістері, логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыру және көлікті цифрландыру бағыттары туралы пайдалы ақпарат ұсынды.

Q University және «IT және Қызметтер» академиялық мектебі өз алғыстарын білдіріп, Азат Жұманов мырзаға практикалық білім беруге қосқан үлесі мен студенттердің кәсіби дамуына жасаған қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.