Қонақ дәрісі заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Парламенттік реформасы жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ибраева Алуа Саламатовна тарапынан өткізілді.
Қонақ дәрісі заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Парламенттік реформасы жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ибраева Алуа Саламатовна тарапынан өткізілді.
2026 жылғы 20 ақпанда Университет қабырғасында 6В042 «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Парламенттік реформасы жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ибраева Алуа Саламатовнаның қатысуымен қонақ дәрісі өтті.
Кездесу тақырыбы: «Жаңа Конституция: әділетті Қазақстан, заң тәртіп қаждатын ұстанған қоғам».
Лектор реформалардың негізгі идеяларына ерекше назар аударды: басқару жүйесін неғұрлым теңгерімді модельге көшіру, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту.
Реформалардың басты мақсаты — демократияны, әділеттілікті және заң үстемдігін дамыту екені атап өтілді. Құқықтық тәртіпті қалыптастыру әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынына баса мән берілді.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, конституциялық өзгерістердің маңыздылығын, билік тармақтарының тепе-теңдігін, әділетті мемлекет құрудағы құқықтық мәдениет пен азаматтық ұстанымның рөлін талқылады. Кездесу конструктивті атмосферада өтіп, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Начало формы
