Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінде қонақ дәрісі өтті
2026 жылдың 23 қазанында Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінде Alatau City Bank-тің бөлшек бизнес жөніндегі директорының қатысуымен «Депозиттер – жеке жинақтарды сақтау және еселеу құралы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
2026 жылдың 23 қазанында Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінде Alatau City Bank-тің бөлшек бизнес жөніндегі директорының қатысуымен «Депозиттер – жеке жинақтарды сақтау және еселеу құралы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Спикер ретінде Alatau City Bank-тің бөлшек бизнес жөніндегі директоры, банк ісі және бөлшек қаржылық өнімдер саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман Кеншбаева Айзада Қайратқызы сөз сөйледі.
Кездесу барысында лектор студенттерге мына мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді:
- Банктік депозиттердің түрлері мен олардың жұмыс істеу принциптері;
- Қаржылық мақсаттарға байланысты оңтайлы депозиттік стратегияны қалай таңдау керек;
- Инфляцияның, сыйақы мөлшерлемесі мен капитализацияның табыстылыққа әсері;
- Жеке қаржыны басқарудың заманауи құралдары мен қаржылық қауіпсіздік;
- Қазақстанның бөлшек банк нарығының даму тенденциялары.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Студенттер сарапшыға сұрақтар қойып, практикалық кейстерді талдауға және жинақ стратегиясын қалыптастыру бойынша кәсіби ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.
Сала көшбасшыларымен мұндай кездесулер Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің практикаға бағытталған тәсілінің маңызды бөлігі болып табылады және білім алушылардың қаржылық сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
«Бизнес және басқару» академиялық мектебі Айзада Қайратқызы Кеншбаеваға мазмұнды дәрісі мен болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Alatau City Bank-ке жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.
