Q University Logo
Оқиғалар

Бизнес және компьютерлік ғылымдар саласындағы оқытушылық лауазымдар

Q Group жаңа жобаға – американдық үлгідегі ағылшын тілді университет құруға қатысу үшін жігерлі, ынталы және халықаралық деңгейде танылған мамандарды шақырады.

ByAdministrator9/24/2025

Q Group жаңа жобаға – американдық үлгідегі ағылшын тілді университет құруға қатысу үшінжігерлі, ынталы және халықаралық деңгейде танылған мамандарды шақырады. Бұл – академиялық мансапты дамытуға, ғылыми зерттеулермен айналысуға және Орталық Азияныңқарқынды дамып келе жатқан экономикалық орталықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік.

Ұміткерлерде докторлық деңгейдегі ғылыми дәреженің (PhD, DBA, ғылым докторы, ғылымкандидаты) болуы қажет. Кейбір лауазымдарға магистр дәрежесінің, соның ішінде MBA-ның болуы жеткілікті.

Лауазымдар «Бизнес» және «Компьютерлік ғылымдар» бағыттары бойынша ашық. Курстардың қатарында: деректерді талдауменеджментмаркетингбухгалтерлік есепбағдарламалық инженерия, және киберқауіпсіздік. Басқа салалар бойынша дипломы бар, бірақ оқутышылық, зерттеу немесе кәсіби қызмет тәжірибесі бар ұміткерлер де өтініш береалады.

Сабақтар күндізгі түрде Алматыда өткізіледі, сондықтан оқытушылар сабақ кезінде жекеқатысуы тиіс. Q Университет шетелдік оқытушыларға виза алуда қолдау көрсетеді.

Қатысу үшін түйіндемені (жарияланымдар тізімімен) және ілеспе хатты мына мекенжайға: Recruitment@q.edu.kz жіберу қажет. Қабылданғаннан кейін нострификациядан өту үшіндипломдардың түпнұсқалары (апостильмен), сондай-ақ тұрған еліңізден сотталмағаны туралыанықтама ұсынылуы тиіс.

Оқытушылар біліктілігі мен тәжірибесіне қарай профессор, доцент, ассистент-профессор, ағаоқытушы немесе оқытушы лауазымдарына қабылданады.

Алғашқы магистрлік бағдарламаларды 2026 жылдың қантарында іске қосу жоспарлануда. 2026 жылдың қыркүйегінде магистратураның қабылдау көлемін кеңейту және бакалавриатбағдарламаларын ашу күтілуде, бұл қосымша вакансиялардың пайда болуына әкеледі. 

Біз халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті еңбекақы мен әлеуметтік пакетті ұсынамыз.