Құрметті әріптестер, жас ғалымдар және студенттер!
Сізді «"Q" University мен Ханой қаржы және маркетинг университетінің білім беру бағдарламалары: өзекті мәселелер мен ынтымақтастық перспективалары» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.
Event Details
2026 ж. 23 қыркүйек, сәрсенбі
2026 ж. 24 қыркүйек, бейсенбі
Құрметті әріптестер, жас ғалымдар және студенттер!
Сізді «"Q" University мен Ханой қаржы және маркетинг университетінің білім беру бағдарламалары: өзекті мәселелер мен ынтымақтастық перспективалары» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.
Іс-шара студент жастарды әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне біріктірудің негізгі аспектілерін, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен бірлескен жастар бастамаларын дамытуды талқылауға бағытталған.
Дөңгелек үстел жұмысында Вьетнам Социалистік Республикасынан арнайы делегацияның — Ханой қаржы және маркетинг университетінің (Ханой қ.) өкілдерінің қатысуы ерекше орын алады, оны ректор, доцент, PhD Фам Тиен Дат басқарады. Делегация құрамына доцент, PhD До Хыонг Лан (Ғылыми қызмет басқармасының бастығы), доцент, PhD Фан Тхи Ханг Нга (Білім беру қызметі басқармасының бастығы), доцент, PhD Ле Тхи Тху Ханг (Халықаралық білім институтының директоры) және PhD Фам Тхи Тыонг Ван (Вьетнам қоғамдық ғылымдар академиясы Оңтүстік аймақ қоғамдық ғылымдар институты экономика орталығының директоры) кіреді. Сапар аясында білім, ғылым, технологиялар, ғылыми басылымдар, ғылыми кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру саласында ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Өткізу күні: 2026 жылғы 23 қыркүйек, сағат 14:00 (Астана уақыты бойынша).
Өткізу форматы: Аралас (университет базасында очно қатысу / шетелдік серіктестер үшін онлайн-қосылу).
Іс-шара тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Талқылаудың негізгі бағыттары мен мәселелері:
1. Университеттің стратегиялық әріптестігі: Ханой қаржы және маркетинг университетімен ынтымақтастық тәжірибесі мен перспективалары.
2. Академиялық ұтқырлық: Білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің білім алу мүмкіндіктері.
3. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою: Білім, ғылым, технологиялар, ғылыми басылымдар, ғылыми кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру саласында ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық құжатына қол қою.
Дөңгелек үстелге қатысу нысандары:
• ПОҚ және студенттердің, магистранттардың баяндамамен сөз сөйлеуі (10 минутқа дейін).
• Тыңдаушы ретінде қатысу және пікірталастарға қатысу.
• Сырттай қатысу.
Тіркелу шарттары: Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін баяндама тақырыбы мен тезистерін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберу қажет: info@q-university.edu.kz
• Жіберу мерзімі: 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:
Бейсенбаева А. Қ. «Бизнес және басқару» АШ қауымдастырылған профессоры;
Джигитекова Д. М. Ғылым және ынтымақтастық департаментінің қызметкері.
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Байзақов көшесі, 185/125, «Бизнес және басқару» академиялық мектебі.
Анықтама телефоны: 8 (727) 338-38-15
Электрондық пошта: info@q-university.edu.kz
