«Саған кітап арнадым» кітап акциясы
Кітап — тек білім қазынасы ғана емес, сонымен қатар ең жылы, ең құнды сыйлық. Қабырғамызда университет қауымдастығын біріктіретін «Саған кітап арнадым» атты ауқымды әлеуметтік-мәдени акциясының басталғанын хабарлаймыз!
Event Details
2026 ж. 23 қазан, жұма
2026 ж. 30 қазан, жұма
Кітапхана, 409 каб.
Университетімізде үлкен кітап акциясы басталады! Құрметті студенттер, магистранттар және оқытушылар!
Кітап — тек білім қазынасы ғана емес, сонымен қатар ең жылы, ең құнды сыйлық. Қабырғамызда университет қауымдастығын біріктіретін «Саған кітап арнадым» атты ауқымды әлеуметтік-мәдени акциясының басталғанын хабарлаймыз!
Акцияның шарты өте қарапайым:
- Өзіңіз оқыған, өзгелердің де оқығанын қалайтын (көркем әдебиет, мотивациялық, ғылыми-танымал) жақсы бір кітапты таңдаңыз.
- Кітаптың алғашқы бетіне немесе арнайы хатқа болашақ оқырманға (мысалы: «1-курс студентіне», «болашақ заңгерге», «ізденуші досыма») арналған жылы лебізіңізді, мотивациялық сөзіңізді жазып, қолтаңба қалдырыңыз.
- Кітапханада орнатылған арнайы «Book-Point» жәшігіне өткізіңіз.
Акция аясында сізді не күтеді?
- «Blind Date with a Book» (Кітаппен соқыр таныстық) — сырты құпия қапталған кітаптарды мазмұнына қарап таңдап алу мүмкіндігі.
- Еркін форматтағы Book-Talks кездесуі.
- Белсенді қатысушылар мен ең көп кітап жинаған факультетке арнайы номинациялар мен сыйлықтар табысталады!
Мерзімі: 23.10.2026 — 30.10.2026 аралығында.
Кітап қабылдау нүктесі: Кітапхана, 409 каб.
Жақсы кітап сыйлап, айналамызға шабыт сыйлайық!
