Daryn Online компаниясы базасында IT студенттеріне дуалды оқыту ұйымдастырылады
IT және қызметтер академиялық мектебінің 6В06101 – «Ақпараттық-бағдарламалық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары үшін «Daryn Online» ЖШС базасында дуалды оқыту ұйымдастырылады. Сабақтар әр аптаның сәрсенбі күні «Қадам Инвест» бизнес-орталығында өтеді.
IT және қызметтер академиялық мектебінің 6В06101 – «Ақпараттық-бағдарламалық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары үшін «Daryn Online» ЖШС базасында дуалды оқыту ұйымдастырылады. Сабақтар әр аптаның сәрсенбі күні «Қадам Инвест» бизнес-орталығында өтеді.
Дуалды оқытудың мақсаты — студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыру, кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және болашақ мамандарды нақты жұмыс ортасына бейімдеу. Компания базасындағы сабақтар білім алушыларға ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс үдерістерімен танысып, оқу барысында меңгерген білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақтарды аға оқытушы, Daryn Online компаниясының негізін қалаушылардың бірі Асқар Мақсатұлы жүргізеді. Оқыту барысында студенттердің кәсіби міндеттерді шешу, топпен жұмыс істеу және жобалық қызметті ұйымдастыру дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді.
Дуалды оқыту аясында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын академиялық топтар үшін «АЖ жобаларын басқару» және «Ақпараттық жүйелердегі деректер базасы» пәндері бойынша сабақтар өткізу жоспарланған. Студенттер ақпараттық жүйелер жобаларын жоспарлау мен басқару, деректер базасын қолдану және заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу бағыттары бойынша практикалық білімдерін жетілдіреді.
Апта сайын өтетін сабақтар оқу мазмұнын кәсіби тәжірибемен байланыстырып, студенттердің таңдаған мамандығын тереңірек түсінуіне жағдай жасайды. Дуалды оқыту болашақ IT мамандарының практикалық даярлығын күшейтуге және еңбек нарығына қажетті дағдыларын дамытуға бағытталған.
