Q University Logo
Оқиғалар

Ғылым және ынтымақтастық департаментінің директоры А.Д.Кариев Ферғана мемлекеттік университетінде кездесулер өткізді

ByAdministrator2/19/2025

2025 жылдың 17-23 ақпан аралығында университетіміздің ғылым және ынтымақтастық департаментінің директоры А.Д.Кариев. Ферғана мемлекеттік университетінде болды.

Сапар барысында факультет декандарымен бірқатар кездесулер өткізіп, ғылым және ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесулерде бірлескен ғылыми жобалар, оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ студенттердің халықаралық ғылыми бастамаларға қатысу мүмкіндігі туралы мәселелер көтерілді.

Ферғана мемлекеттік университетінің әріптестерімен диалог ғылыми байланыстарды нығайту және университетаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.