«Отбасы құқығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы дебаттар
«Отбасы құқығының өзекті мәселелері» тақырыбындағы дебаттар
2026 жылғы 27 сәуірде «Құқық» академиялық мектебі отбасы құқығының өзекті мәселелеріне арналған студенттік дебаттар өткізді.
Дебаттарга «Құқық» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттері, сондай-ақ мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Дебаттар кәсіби және академиялық диалог үшін маңызды алаңға айналып, қатысушыларға отбасы заңнамасының дамуының заманауи сын-қатерлері мен үрдістерін талқылауға мүмкіндік берді.
Талқылау барысында отбасы қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі аспектілері қарастырылды, олардың ішінде:
ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру: баланың мүддесін қорғау ма, әлде отбасы ісіне араласу ма;
неке шарты: құқықтық қорғау құралы ма, әлде некедегі сенімсіздіктің көрінісі ме;
нақты некелік қатынастарды (бірге тұруды) заңнамалық деңгейде тану — «қолдаймын» және «қарсымын» деген дәлелдер.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, дамыған аналитикалық ойлау қабілетін және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау шеберлігін көрсетті.
Өткізілген дебаттар пәнаралық тәсілдің маңыздылығын және жастарды қоғамдық маңызы бар құқықтық мәселелерді талқылауға белсенді тартудың қажеттілігін растады.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға кәсібилігі, мазмұнды баяндамалары және өзара құрметке негізделген диалог үшін алғыс білдіреді.
