Q University Logo
Санатсыз

Q University-де Ғылым күніне арналған ғылыми-әдістемелік интенсивтің үшінші күні өтті

2026 жылғы 9 сәуірде Q University-де Ғылым күні аясында ғылыми-әдістемелік интенсивтің үшінші күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

ByAdministrator4/9/2026

2026 жылғы 9 сәуірде Q University-де Ғылым күні аясында ғылыми-әдістемелік интенсивтің үшінші күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған күні профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Заманауи сабақ: оқытудың жаңа әдістері» тақырыбында тәжірибе алмасу өтті. Іс-шара модераторлары: Жұмақова Ү.Ж., Еділ М. және Өтен А.Ж. Қатысушылар заманауи білім беру әдістерін, педагогикалық технологияларды және студенттермен тиімді жұмыс жасау жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, «Инновациялық идеялар алаңы» атты networking ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді. Практикалық бөлімде профессор, оқытушы Шарипходжаева Ж.Б. өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесуді «Психология және журналистика» академиялық мектебінің оқытушысы Күребай Б.Е.  жалғастырып, практикалық кейстер ұсынды.

Іс-шара студенттермен ашық диалог форматында өтті. Қызықты пікірталастар жүргізіліп, қатысушылар интерактивті ойынға қатысып, ерекше әсер алды.

Кездесудің арнайы қонағы – «Daryn Online» академиясының негізін қалаушы Асқар Мақсат болды. Ол өз сөзінде платформаның қызметі, оқытушыларды даярлау және ынталандыру жолдары туралы айтып өтті. Оның негізгі ойы – мұғалімдер әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілген болуы тиіс, себебі білім сапасы тікелей соған байланысты.

Бұл күн білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мен инновацияның маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.