Q University Logo
Құқық

Кураторлық сағат тақырыбы: «Салауатты өмір салты — біздің саналы таңдауымыз».

Кураторлық сағат тақырыбы: «Салауатты өмір салты — біздің саналы таңдауымыз».

ByAdministrator2/17/2026

Тәрбие жұмысы аясында 2026 жылғы 16 ақпанда 6В042 «Құқық» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен «Құқық» академиялық мектебінің заң ғылымдарының кандидаты, доценті Н.С. Ибраев «Салауатты өмір салты — біздің саналы таңдауымыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мамырхан Д., еркін күрестен спорт шебері, жекпе-жектен спорт шеберлігіне кандидат, «Октагон» лигасының чемпионы Зеитов Диар Думанұлы қатысты.

Кездесу барысында салауатты өмір салтының маңызы талқыланды. СӨС — дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күн тәртібін сақтау және зиянды әдеттерден бас тартуды қамтитын пайдалы әдеттер жүйесі екені атап өтілді. Бұл қарапайым, бірақ маңызды қағидалар денсаулықты сақтауға, сергектікті арттыруға және оқу мен өмірде табысқа жетуге көмектеседі.

Қорытындысында денсаулыққа қамқорлық жасау — саналы таңдау әрі жарқын болашаққа қосылған үлес екені ерекше атап өтілді.