ЮПД-23(4) 3 курс студенті Бекбосын Арайлымды тамаша жеңісімен құттықтаймыз!
3-курс студентісі, ЮПД-23(4) тобының оқушысы Бекбосын Арайлымды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Арайлым 30 қазан күні Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен өткен V Халықаралық клиникалық фармакологтар конгресіне қатысты. Ол «Дәрігерлердің құқықтық қорғауы: Қазақстан мен әлем денсаулық сақтау жүйесіндегі қауіпсіздік пен абыройды қамтамасыз ету» тақырыбына ұсынған баяны мен презентациясымен ғылыми жобалар байқауына қатысты. Конгрес қорытындысы бойынша оның зерттеуі көптеген ұсынылған жұмыстар арасында ең үздік деп танылып, престижді 1-ші орынды иеленді.
Арайлымды жоғары жетістігімен, еңбекқорлығы мен терең ғылыми қызығушылығының нәтижесімен құттықтаймыз! Одан әрі табыс тілейміз!
