«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» байқауындағы жеңіспен құттықтаймыз.
2025 жылдың 21 қарашасында Алматы қалалық Жастар саясаты департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Адал ұрпақ» жобасын жүзеге асыру үшін «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» байқауына қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Аға оқытушы Ж.С. Шалабаеваның жетекшілігімен 6B042 «Құқық» бағдарламасының студенттері дайындаған бейнеролик Алматыдағы барлық ұсынылған жұмыстар арасында бірінші орынға ие болды және ақшалай сертификат пен дипломмен марапатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы Q университетінің ректоратына және Ж.С. Шалабаеваға студенттердің дайындығы мен байқауға қатысқаны үшін алғыс хатын жолдады. Хатта бұл жетістік университетте жасалған жағдайлар, білікті басшылық және оқытушының жеке күш-жігерінің арқасында мүмкін болғаны атап өтілген..