Q University-де «Қазіргі әлемдегі отбасы, ата-ана болу және көші-қон» халықаралық конференциясы өтті
Q University-де «Қазіргі әлемдегі отбасы, ата-ана болу және көші-қон: құқықтық, әлеуметтік және демографиялық сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қытайдан ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен мамандар қатысты. Баяндамалардың бір бөлігі онлайн форматта ұсынылды.
2026 жылғы 30 қазан, Алматы.

Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын, 2024–2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ИРН AP22688447 «Жол қиылысындағы аналық: мигрант аналардың құқықтарын қорғау мәселелері (Қазақстан тәжірибесі және халықаралық стандарттар)» ғылыми жобасы аясында өтті.
Пленарлық отырыста мигранттардың құқықтық мәдениеті, мигрант аналарды қорғау, демографиялық үрдістер және мемлекеттік саясаттың бағыттары талқыланды.
Секциялық отырыстарда отбасы мен ата-ана болу, демографиялық даму, көші-қон экономикасы, цифрландыру және интеграция, әлеуметтік саясат, отбасының денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ халықаралық тәжірибе мәселелері қамтылды.
Қатысушыларға ғылыми жобаның нәтижелері және оның аясында дайындалған мигрант аналарды халықаралық-құқықтық қорғау туралы монография, атлас, схемалар альбомы мен мигрант аналарға және волонтерлерге арналған практикалық құрал таныстырылды. Конференция материалдарының жинағы да жарық көрді.
Қорытынды отырыста секциялар жұмысының нәтижелері шығарылып, конференция қарарының жобасы талқыланды.