Серіктестік
Q University-де Қытайдың Chongqing Guowei Group делегациясымен кездесу өтті
Q University Қытай Халық Республикасынан келген Chongqing Guowei Group делегациясын қабылдады.
ByAdministrator•11/3/2026
Q University Қытай Халық Республикасынан келген Chongqing Guowei Group делегациясын қабылдады.
Делегация құрамында:
Лю Вэньи мырза – топтың Басқарма төрағасы;
Ян Чэн мырза – топ вице-президенті;
Тан Цян мырза – Халықаралық бөлім басшысы;
Тянь Юньян мырза – Халықаралық бөлім директоры болды.
Кездесу барысында тараптар Q University қызметімен танысып, білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, соның ішінде студенттерді тарту және қабылдау бағытындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру байланыстарын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.
