Q University Logo
Жалпы университет жаңалықтары

Q University-де ChatGPT Edu жобасы аясында жасанды интеллект технологияларына арналған практикалық семинар өтті

2026 жылғы 19 қазанда Q University-дің Цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету офисінің ұйымдастыруымен, Bilim UpSkill компаниясының қатысуымен ChatGPT Edu және Codex платформаларын тиімді пайдалануға арналған практикалық семинар өтті.

ByAdministrator10/19/2026

2026 жылғы 19 қазанда Q University-дің Цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету офисінің ұйымдастыруымен, Bilim UpSkill компаниясының қатысуымен ChatGPT Edu және Codex платформаларын тиімді пайдалануға арналған практикалық семинар өтті.

Семинарды Bilim UpSkill компаниясының өкілі, AI-методолог, цифрлық педагогика маманы Абдулкәрім Абдулрахманұлы жүргізді.

Іс-шара барысында ChatGPT Edu және Codex платформаларының негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оларды оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және әкімшілік қызметте тиімді қолдану жолдары қарастырылды.

Bilim UpSkill компаниясы ChatGPT Edu жобасын университеттерде енгізу процесін сүйемелдеп, платформаны пайдалану, лицензияларды басқару және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша әдістемелік әрі әкімшілік қолдау көрсетеді.

Семинарға университет мектептерінің басшылары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, профессор-оқытушылар құрамы және әкімшілік қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырылуы мен техникалық қамтамасыз етілуін Q University-дің Цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету офисі жүзеге асырды. Семинардың сапалы өтуі үшін қажетті техникалық жағдайлар жасалып, практикалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара университетте жасанды интеллект технологияларын енгізу, қызметкерлердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісін жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

Q University – цифрлық білім беру мен инновациялық технологияларды дамыту жолында!