«Сыбайлас жемқорлық — менің жолым емес» челленджі!
«Сыбайлас жемқорлық — менің жолым емес» челленджі!
2026 жылғы 17 наурыз бен 10 сәуір аралығында Университетте «Сыбайлас жемқорлық — менің жолым емес» челленджі өтті! Ұйымдастырушы — «Құқық» академиялық мектебі (з.ғ.к., доцент Самолдыкова, аға оқытушы Амреева И.С.).
Іс-шараның мақсаты — студенттердің жеке ұстанымын білдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті бірлесе қалыптастыру. Челленджге «Құқық» білім беру бағдарламасының 1–3 курс студенттері қатысты. Барлығы 56 жұмыс ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде өтті:
- I дәрежелі дипломмен қазақ бөлімінің «Құқықтану: құқық қорғау қызметі» мамандығының 2 курс студенттері (ұжымдық жұмыс) — Атабаев Р., Орынбасар Б., Хамитов Е., Дүйсен К., Амантай А., Нүсіпек Е., Жанарбек А. марапатталды.
- II дәрежелі дипломмен «Құқықтану: құқық қорғау қызметі» мамандығының 2 курс студенті Әбдумәлік О. марапатталды.
- III дәрежелі дипломмен «Құқықтану: мемлекеттік басқару» мамандығының 2 курс студенті Осмонов М. марапатталды.
«Құқық» академиялық мектебі әрбір қатысушыға батылдығы, креативтілігі және белсенділігі үшін алғыс білдіреді.
