Q University Logo
Оқиғалар

«Құқық қорғау органдарына жаңа технологиялық шақырулар: АҚШ тәжірибесі» тақырыбында ашық дәріс өткізілді

ByAdministrator3/12/2025

Іс-шараға «Құқықтану» мамандығының 2 және 3 курс студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Дәрісті АҚШ-тың Батыс Иллинойс университетінің профессоры Владимир Сергевнин өткізді. Дәріс барысында студенттер АҚШ құқық қорғау органдарында қолданылатын заманауи технологиялар мен инновациялармен танысып, цифрландыру және технологиялық прогрестің жылдам дамуы жағдайында туындайтын негізгі мәселелер мен қиындықтарды талқылады.