Аккредитация
Аккредитация
«Q» University» мекемесінде 2026 жылдың 8-9 сәуір аралығында төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімі өтеді: «6В04102 – Есеп және аудит», «7М04108 – Есеп және аудит», «6В04201 – Құқықтану: құқық қорғау қызметі», «6В04202 – Құқықтану: кәсіпкерлік құқық», «7М04203 – Құқықтану (ғылыми-педагогикалық бағыт)».
Аккредиттеу жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін растау мақсатында жүзеге асырылады.
Аккредиттеу шеңберінде «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық Орталығы» КЕМ-нің Сыртқы сарапшылар тобының жұмысы жоспарланған. Бұл жұмыс құжаттаманы талдауды, студенттермен, оқытушылармен және жұмыс берушілермен сұхбат жүргізуді, сондай-ақ «Q» University» материалдық-техникалық базасымен танысуды қамтиды.
