Q University Logo
Бизнес және басқару

Q University қауымдастырылған профессоры Дүзже университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтуде

Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің қауымдастырылған профессоры Санимкул Шапигатовна Лапбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Дүзже университетіне жіберілді. Сапар 2026 жылғы 15 қазаннан 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін жалғасады.

ByAdministrator10/19/2026

Q University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің қауымдастырылған профессоры Санимкул Шапигатовна Лапбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасындағы Дүзже университетіне жіберілді. Сапар 2026 жылғы 15 қазаннан 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін жалғасады.

Академиялық ұтқырлық Q University мен Дүзже университеті арасындағы өзара түсіністік және академиялық ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда. Келісім оқытушылар мен зерттеушілер алмасуды, дәрістер өткізуді, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуды, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары аясындағы академиялық ұтқырлықты көздейді.

Қабылдаушы университетте Санимкул Шапигатовна Іскерлік әкімшілендіру факультетінде шақырылған зерттеуші ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жетекшілікті факультет деканы, профессор, доктор Энвер Боздемир жүзеге асырады.

Зерттеу жұмысы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына, заманауи есеп тәжірибесіне және шығындарды талдауға бағытталған. Сапар барысында ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылау және екі университет өкілдері арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту жоспарланған.

Q University оқытушысының халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы профессор-оқытушылар құрамының зерттеу құзыреттерін дамытуға, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Санимкул Шапигатовнаға жемісті жұмыс, жоспарланған зерттеу міндеттерінің сәтті орындалуын және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!