Q University Logo
Оқиғалар

Q University студенттері TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көлік-логистика көрмесіне Q University өкілдері қатысты

ByAdministrator10/2/2025

Q University студенттері TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты


2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көлік-логистика көрмесіне Q University атынан IT және Қызметтер академиялық мектебінің жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Шуренов Марат Кенжалиевич және 6В11301 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану білім беру бағдарламасының 2–4 курс студенттері қатысты.

Көрме барысында қатысушылар көлік және логистика саласындағы жетекші отандық және шетелдік компаниялардың қызметімен, заманауи технологияларымен және нарықтағы жаңа шешімдерімен танысты.

Атап айтқанда, студенттер «KTZ Express» АҚ, «Шынғар Транс» ЖШС, «Atasu Group» және басқа да ірі логистикалық компаниялардың өкілдерімен пікір алмасып, кәсіби бағыттағы сұхбаттар жүргізді.

Сондай-ақ, бірқатар компаниялар университетпен ықтимал ынтымақтастық туралы ниеттерін білдіріп, өндірістік тәжірибе, бірлескен жобалар мен мамандыққа бейімдеу іс-шараларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына және логистика саласындағы нақты еңбек нарығымен танысуына үлкен мүмкіндік береді.