Q University өкілі Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтында жұмыс сапарымен болды.
2025 жылдың 21–29 қараша аралығында Q University ‘Ғылым және халықаралық ынтымақтастық’ департаментінің директоры Адлет Кариев әріптестерінің арнайы шақыруымен Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтына (Өзбекстан Республикасы) жұмыс сапарымен барды.
2025 жылдың 21–29 қараша аралығында Q University ‘Ғылым және халықаралық ынтымақтастық’ департаментінің директоры Адлет Кариев әріптестерінің арнайы шақыруымен Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтына (Өзбекстан Республикасы) жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында психология ғылымдарының докторы, оқу -ісі жөніндегі проректор Мухиддин Мұхаммадович Бафаевпен ресми кездесу өткізілді. Тараптар институт дамуының басым бағыттары, педагог кадрларды даярлау жүйесі және білім беру үдерісін заманауи талаптарға сай жаңғырту мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар оқу ғимараттары, ғылыми зертханалар және кампус инфрақұрылымымен таныстырып, мазмұнды экскурсия жүргізді.
Жұмыс сапары барысында бакалавриат және магистратура студенттеріне «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша дәрістер және семинарлық сабақтар өткізіліп, сабақтарда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи тәсілдері, халықаралық стандарттар және жоғары педагогикалық білім берудегі үздік тәжірибелер қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, жоғары кәсіби қызығушылық танытты.
Келіссөздер нәтижесінде университеттер арасында төмендегі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді:
• студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске қосу;
• бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын әзірлеу;
• тәжірибе алмасу және ғылыми жарияланымдар санын арттыру.
Сапар қорытындысы бойынша институт басшылығы мен ұжымына сапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және тиімді сұхбат үшін ризашылығын білдірді. Ол басталған әріптестік жақын уақытта жоспарланған жобаларды нақты іске асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Бұл сапар Q University мен Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға және білім беру саласындағы өзара серіктестікті кеңейтуге маңызды қадам екені анық.
