Q University Logo
Психология және журналистика

«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНА 105 ЖЫЛ!

«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНА 105 ЖЫЛ!

ByAdministrator10/5/2026

Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы, ұлт руханиятының шежіресі — «Ақиқат» журналының 105 жылдық мерейтойына орай ҚР Ұлттық орталық музейінде 02.10.2026 жылы танымдық кездесу өтті!

Іс-шара аясында журналдың ғасырлық тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұсынылды. Редакция ұжымы мен белгілі авторлар қатысқан жүздесуге музей қызметкерлері және «Q» University-нің журналистика факультетінің студенттері жиналды.

Болашақ тілшілер аға-апайларына кәсіби сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу соңында «Q» University профессоры Гүлім Кадиркулова журнал ұжымына шығармашылық табыс тілеп, музей басшылығына алғыс білдірді.

Ғасырдан астам тарихы бар басылымның ғұмыры ұзақ, оқырманы көп болсын!