2025 жылдың 27 наурызында аға оқытушы Буранбаева С.Р.ның ғылыми жетекшілігімен 6В042 «Құқық» мамандығы бойынша оқитын студенттер Букесова А.А., Бегалиева А.Н., Сулейменова А.А., Турдалиева Н.Н., Рашидқызы А. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының ұйымдастыруымен курсанттардың ғылыми жұмысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесін дамытутақырыбы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Ғылыми-практикалық конференциялар студенттердің ғылыми және білім беру қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар теория мен практика саласындағы білімді тереңдетуге, ғылыми шығармашылықты дамытуға, студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, талдау және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар әртүрлі оқу және ғылыми мекемелер арасындағы байланысты нығайтады.