«Q» UNIVERSITY» основан в 1991 году, первый частный вуз в независимом Казахстане
г. Алматы, ​улица Байзакова 125, Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

ДЖУМАНОВ ОҚУЛАРЫ –ІІІ: «ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІН ҮЙЛЕСТІРУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Аталған халықаралық теориялық  және ғылыми-практикалық конференция 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылы  конференцияны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті, Шымкент университеті, Q University және Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық филиалы ұйымдастырды.

Конференцияның негізгі мақсаты осы университеттердің стратегиясында көзделген химиялық технологиялар, нанотехнологиялар, агрокластерлік кешен, тамақ өнеркәсібі, машина жасау технологиялары, механика, экология және табиғат пайдалану, жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде есепке алу, есептілік, қаржы және экономика жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру.

Конференция жұмысының бағыттары: Еуразиялық кеңістік елдеріндегі экономикалық ынтымақтастық; бухгалтерлік есеп, талдау, аудит және есептілік; цифрландыру және автоматтандыру жағдайында қаржы жүйесін жетілдіру; жасыл экономиканы трансформациялаудың заманауи сын-тегеуріндері.

Джұманов оқуларына Ұлыбритания, Польша, Ресей Федерациясы, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикасы және басқа да шет елдердің ғалымдарының қатысуымен экономикалық саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде өткізілді.

Джұманов оқуларының теориялық, ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар өздерінің жетістіктерін ғылыми және тәжірибелік жұмыстарын ұсынуға, әртүрлі елдердің ғалымдары тәжірибелеріме байланыс орнатуға, яғни халықаралық деңгейде ғылыми және практикалық байланыстарды дамытуға тамаша мүмкіндік берді.

Конференция қорытындысы бойынша еңбектер жинағы шығарылды, конференцияның ең маңызды материалдары Ресейдің ғылыми дәйексөз индексіне (РИНЦ) және Scopus мақалаларының халықаралық базасына енгізілетін болады.

 

Конференция офлайн және онлайн режимде өтті

Конференция ұйымдастыру комитеті