«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Мектеп жетекшісі: т.ғ.к., PhD докторы

Оразбеков Талғат Тлеуғабұлұлы

«Тасымалдауды ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар» мектебі 22.02.2018 жылғы № 20 ректор бұйрығына сәйкес құрылған және академияның келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар дайындайтын жетекші оқу-ғылыми бөлімшесі болып табылады: 6В11301 – Көлік қозғалысын, тасымалдауды ұйымдастыру және пайдалану, 6В06101 – Ақпараттық-бағдарламалық жүйелер.

Мектептің миссиясы: Жоғары білім саласында сапалы білім беру арқылы көлік қозғалысын, тасымалдауды және пайдалануды ұйымдастыру саласында әдістемелік білімі бар бакалаврлар дайындау. IT-саласында негізгі және практикалық білімі, инновациялық тәсілдері және зерттеу дағдылары бар сұранысқа ие мамандарды дайындау арқылы әлемдік білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтатын ғылыми-техникалық және білім беру орталығына айналуға ұмтылу.

Мектептің қызметінің стратегиялық бағыттары:

Мектептің жоғары ғылыми-білімдік әлеуеті жеке тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның қажеттіліктеріне сай көлік қызметтері мен IT-технологиялар саласында кең негізгі білімдері мен кәсіби құзыреттіліктері бар жаңа форматтағы мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі білім беру қызметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді.