«Q» UNIVERSITY» 1991 жылы құрылған, тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жеке университет
Алматы қ., Байзақова көш. 125 , Тел: +7 (727) 22 55 999 +7(727) 364-56-45

Академиялық ұтқырлық

Біз студенттерімізге білім алу тәжірибесін байытып, кәсіби дағдыларын кеңейтіп, халықаралық академиялық ортаға ену үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынуға ұмтыламыз.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Бұл – студенттер үшін жаңа мәдени ортаға еніп, түрлі елдердегі әріптестерімен білім алмасып, оқытудың әртүрлі тәсілдерін меңгеруге тамаша мүмкіндік. Біз студенттерімізге өз мамандығы бойынша пәндерді оқи отырып, шетелде бір семестр немесе бір жыл оқуға мүмкіндік беретін бірнеше бағдарламалар ұсынамыз.

Q University-дегі академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары:

Халықаралық оқу тәжірибесі: Сіз өз салаңыздағы озық оқыту әдістерімен, зерттеулермен және технологиялармен танысасыз.

Мәдениетаралық қарым-қатынас: Түрлі елдерден келген студенттермен араласып, ұмытылмас сәттерді бастан кешіріп, көкжиегіңізді кеңейтіп, мәдениетаралық коммуникацияны дамытасыз.

Тілдік дағдыларды арттыру: Шет тілінде сөйлесу арқылы тілдік кедергіні жеңіп, екінші тілді меңгеру деңгейіңізді жақсартасыз.

Халықаралық байланыстар орнату: Әлемнің әр түкпірінен келген әріптестермен және оқытушылармен пайдалы байланыстар орнатып, болашақ мансабыңызға құнды серіктестер табасыз.

Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз, серіктестік алмасу бағдарламалары туралы бірінші болып біліңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар:

1. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін іріктеу критерийлері қандай?

Күндізгі бөлімнің студенті болуы тиіс

Өтініш беру кезінде студент бакалавриат немесе магистратурада кемінде бір семестрді аяқтаған болуы керек

Ағылшын тілі деңгейі B1 немесе одан жоғары

GPA көрсеткіші 3,0 немесе одан жоғары

Университет алдында қаржылық және академиялық қарыздарының болмауы

2. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде IELTS тапсыру керек пе?

Міндетті емес, тілдік орталықтан алынған сертификат ұсынылуы мүмкін.

Ағылшын тілі қажет етілмейтін елдерде – міндетті емес.

3. Мен өз мамандығым жоқ университетті таңдай аламын ба?

Иә, егер ұқсас мамандық болса, пәндердегі айырмашылық 2 пәннен аспауы керек.

4. Қазақстандық емес студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтініш бере ала ма? Өтініш беру рәсімі бірдей ме?

Иә, бере алады. Шарттар бірдей.

5. Ұсыныс хат жазуға арналған форма/үлгі бар ма?

Жоқ, ұсыныс хат еркін түрде жазылады. Онда студенттің мықты тұстары, ағылшын тілін білуі және шетелдік серіктес ЖОО-да оқуға дайындығы көрсетілуі тиіс.

6. Алмасу бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізімі:

Транскрипт (GPA 3.0 және одан жоғары)

2 ұсыныс хат

Мотивациялық хат

IELTS (min 5.5)

PBT TOEFL (мин. 520) немесе тілдік орталық сертификаты

Ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV)

Q University делегациясы серіктес Synergy University Dubai кампусына барды

Миколас Ромерис университетімен ынтымақтастық

Польша Республикасында оқу үшін 11 БІЛІМ ГРАНТЫ

2024 жылғы Мёнджи университетінің жазғы бағдарламасы әлемнің үздік студенттерін күтуде

Гуйчжоудағы жазғы лагерь