2025 жылғы 28 сәуірде Академиялық «Құқық» мектебі Алматы қаласы мен Алматы облысының 11-сынып оқушыларына арналған құқық пәні бойынша олимпиаданы сәтті аяқтады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтануға деген қызығушылығын арттыру, құқықтық сауаттылықты көтеру және кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру.
Олимпиада университеттің Ғылым және қолдау департаменті мен қабылдау комиссиясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Тіркелген қатысушылардың жалпы саны: 28 мектеп оқушысы.
Олимпиада кезеңдері:
2-кезең мен финалдық кезеңге 1-кезеңнен өткен 12 оқушы қатысты.
Эссе тақырыптары, тест тапсырмалары мен практикалық тапсырмалар «Құқық» Академиялық мектебінің оқытушылары тарапынан дайындалып, мектеп бағдарламасына және жоғары оқу орны деңгейіндегі элементтерге сәйкес құрылды.
Финалдық кезең нәтижесінде олимпиада жеңімпаздары анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер университетке түсу кезінде артықшылық беретін сертификаттармен марапатталды.
Оқушыларға арналған Олимпиада аяқталғаннан кейін университет бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қатысушылар университеттің дәстүрлерімен, оқу үдерісімен, жасалған жағдайлармен және студенттердің өмірімен танысты.
Қатысушылар университет қабырғасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараны, қызықты тапсырмаларды және жылы атмосфераны ерекше атап өтті.