1991 жылы құрылып, тәуелсіз Қазақстандағы коммерциялық бастамаларға негізделген жаңа формациядағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болған Қайнар университеті бүгінде 2014 жылдың қазан айынан бастап Қайнар Академиясы болып өз жұмысын жалғастыруда.
1991 жылы Қазақ тілі, Педагогика және психология мамандықтарына, 44 білім алушы алғаш рет қабылданды, ал 1992 жылы Халықаралық қатынастар, Халықаралық экономикалық қатынастар, Халықаралық құқық мамандықтарына 56 білім алушы қабылданды. Бұл жаңа мамандықтарға арналған оқу бағдарламалары ҚР Мемлекеттік стандартын негізге ала отырып әзірленген болатын. Кайнар Академиясы білім беру қызметін № KZ11LAA00003786 лицензиясы негізінде іске асырады.
Қайнар Академиясында кадрлық әлеуетке ерекше талаптар қойылады. Академиядағы үздік зияткерлік әлеует пен практик мамандардың шоғырлануы білім алушыларды өзекті сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан профессорлық-оқытушылық кадрлардың сандық және сапалық құрамын талдау оның штатына және ғылыми дәрежелілігіне қойылатын нормативтік талаптарды ескере отырып, Қайнар Академиясы басшылығының тұрақты назарында болады.
Профессорлық-оқытушылық құрамды басқарудың институционалдық саясаты академия профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлерін басқаруға демократиялық көзқарас, басшылық құрамның және басқарылатын кіші жүйенің мүдделерін ұштастыру, басшылықтың қолжетімділігі, тепе-теңдікті сақтау, бастамашылық пен шығармашылық жағдайы мен атмосферасын жасау, ПОҚ қызметін ынталандыру, персоналды кәсіби және жеке жетілдіру сияқты қағида шеңберінде жүзеге асыра білді. Қайнар Академиясын дамыту бағдарламасы академияның Ғылыми кеңесімен (28.01.2020 ж.6/54 хаттама) бекітілген. «Қайнар» Академиясын дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті қойған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру арқылы дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдаулары мен бірегей стратегиялары маңызды орын алатыны айдан анық. Сыртқы факторларға келесілер жатады: түлектердің дайындық деңгейі, оқытылатын пәндер бойынша жұмыс берушілердің пікірі; еңбек нарығында бос орындардың болуы; жаңа технологиялардың дамуына байланысты нарық қалыптасқан кәсіптердің ығысуын талап етеді, маманданудың жаңа бағыттарының пайда болуына алып келетін біліктілік талаптары өзгереді, кадрларының біліктілігі: дәрежесі, біліктілікті арттыру деңгейі; жариялану белсенділігінің деңгейі: оқулықтар, оқу құралы, монографиялар, импакт-факторлы мақалалар, БҒССҚК, халықаралық конференциялар.
Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саясаты мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығында бекітілген бастамашылық ғылыми зерттеулер арқылы көрініс табады. Білім алушыларда белгілі бір құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқытушылар тәжірибеге бағытталған инновациялық оқыту әдістерін қолданады: топтық пікірталас әдісі, портфолио, аралас сауалнама, шағын топтарда оқыту әдісі, презентациялар.
Инновациялық оқыту әдістері білім алушылардың білімі мен дағдыларын барынша қалыптастыруға бағытталған, олар нақты кәсіби бағыттылыққа және оқу үдерісінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарайды. Дәріс материалын көрсету үшін әр ПОҚ – профессор-оқытушылар құрамы қалыптастырған бейнематериалдар кеңінен қолданылады. Аудиториялар қажетті мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған.
Оқу аудиториялары интерактивті тақталармен, экрандармен және проекторлармен толық жабдықталған. 10 дана көлемінде бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған «1С-Бухгалтерия» оқу бағдарламасы қолданылады. Оқу кабинеттері мен зертханаларды интерактивті құралдармен тұрақты жабдықтау есебінен оқытудың интерактивті және инновациялық әдістерін қолдана отырып өткізілетін сабақтардың үлесі арттқан.
«Кайнар» Академиясының жетекшілігі ПОҚ үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.
Виссен қ. (Швеция) университетімен жасалған келісімшартқа сәйкес PhD, доктор Тунсай Севендик «Кайнар» Академиясының білім алушылары мен ПОҚ білім беру үдерісіндегі қашықтықтан оқыту технологиясы, блокчейн технологиясы сұрақтары бойынша дәріс жүргізді. Кафедрада жақын шетел студенттері бар, осыған байланысты Академияда шетелдік білім алушыларды сәтті бейімдеу және проблемалар мен қақтығыстардың туындау ықтималдығын азайту мақсатында «Қайнар Академиясында білім беру үдерісінің шарттары мен талаптарына шетелдік білім алушыларды бейімдеу бойынша бағдарлама» әзірленді.
«Қайнар» Академиясында шетелдік білім алушыларды бейімдеу және қолдау бағдарламасы келесідей іс-шараларды қарастырады:
Шетелдік білім алушыларға арналған жолсілтеме жасалған, онда визалық және консулдық мәселелер, ҚР аумағында болу ережелері көрсетілген, оқу үдерісі, білім беру бағдарламалары бойынша қысқаша мәліметтер берілген, шұғыл қызметтердің қажетті телефон нөмірлері, «Қайнар» Академиясының жауапты тұлғаларының байланыс деректері көрсетілген. Басқа қаладан келген студенттер 100% — ға студенттік тұрғын үй кешеніндегі орындармен қамтамасыз етілген, онда оларға жайлы тұру үшін барлық жағдайлар жасалған: бөлмелер жиһазбен жабдықталған, жуынатын бөлмелері, электр плиталары, кір жуғыш машиналар (автомат), қысқа толқынды пештер және т. б. бар. Кафедралардың кураторлары мен эдвайзерлері білім алушыларға олардың жаңа білім беру ортасына бейімделу үдересіне жан-жақты көмек көрсетеді. Бұл үшін шетелдік білім алушыларды оқыту және олардың өзге елде болуы мәселелері бойынша кіріспе курс өткізіледі, өйткені олар үшін, өзге елде жүру, тіпті қарапайым байланыстар да айтарлықтай күш-жігерді талап етеді. Әрине, шетелдік студенттерді еліміздің, Алматы қаласының тарихымен, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерімен, қаланың мәдени өмірімен таныстыруға көп көңіл бөлінеді. Осының барлығы шетелдік білім алушыларға жаңа білім беру және мәдени ортаға тез бейімделуге мүмкіндік береді.
Қабылдау комиссиясы Лиссабон конвенциясының талаптарына сәйкес Академияға түсетін халықаралық және шетелдік оқу орындарының білімі туралы құжаттары бар адамдардың құжаттарын тапсыру бойынша жұмыс жүргізеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 16.03.2017 № 125 «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары» бұйрығына сәйкес шетелдік білім алушылар өздерінің шетелдік білім туралы құжаттарын нострификациялай алады.
Академияның ішкі құжаттарында ЖОО-ның өз саясатында Болон процесінің құжаттарын сақтауға шынайлылығы жазылған, олардың қатарына Еуропалық өңірдегі жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияны да жатқызуға болады (Лиссабон, 1997 ж.). Академия өзінің саясатында және бұрын білім беру саласындағы еуропалық стандарттарды ұстанған, атап айтқанда академиялық жетістіктерді мойындаған және ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) кредиттерін қайта есептеуді жүзеге асырған. Қазіргі уақытта еуропалық және ұлттық стандарттарды біріздендіру үдерістері жүріп жатқаны белгілі; 2018 жылғы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (2020 жылғы 5 мамырдағы өзгерістермен және толықтырулармен) күшіне енді. Болон үдерісінің құжаттарын сақтауда академияның өз саясатын ұстануы сапаны қамтамасыз ету саясатында, Академияның даму бағдарламасында және басқа да ішкі құжаттарда жазылған. «Қайнар» Академиясының кадрларға қатысты саясаты білім беру үдерісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсаттарына қол жеткізудің практикалық қызметінде қолданылатын жолдары мен тәсілдерін жетілдіруге бағытталған. Қайнар Академиясы кадрларды іріктеу және даярлау үдерістеріне, атап айтқанда, қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдау олардың базалық кәсіби білімдері, сондай-ақ практикалық жұмыс тәжірибесі, жеке қабілеттері, кәсіби білімдері, Жариялау белсенділігі (оқу құралдарын, монографияларды, ҚР ҒЖБССҚК ұсынған және SCOPUS рейтингтік журналына мақалаларын жариялау) ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Оқытушылармен және білім беру бағдарламасының қызметкерлерімен жұмыс істеудің басты мақсаты олардың кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасау болып табылады. Бұған оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыруға, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және Академияда жағымды әлеуметтік ортаны дамытуға, оқытушылар мен қызметкерлердің қызметін материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін дамыту ықпал етеді. Ел Президенті өзінің сайлау алды бағдарламасын «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» ұсынды. Бағдарламаны қолдай отырып, Академия жаңа мақсатпен елдің әлеуеті мен сауаттылығын көтеру мақсатында «Қазақстандық ғылымның қайнар бұлағы» атана отырып, бәсекеге қабіллетті жоғары оқу орнына айналуға ат салысуда. Қоғамдық істерге белсенді атсалысып біздін ұжым, Қайнар академиясы бүкіл елмен бірге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашып отырғаныңа сенімді бола отырып, мемлекет тарапынан қолдау күтеміз.